15
March
2019
Қалалық "Наурыз-көктем жаңару" мерекесі
Наурыз –көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз - жыл басы, күн мен түннің теңелген күні. Сондықтан бұл мереке - көктемгі жаңарудың, сүйіспеншіліктің, мейірімділік пен достықтың белгісі.
Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасы бойынша барлық мерекелік іс-шаралардың контенті Мемлекет басшысының Жолдауын, Бес әлеуметтік бастаманы, Жастар жылын, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының және басқа да бағдарламалық құжаттардың басымдықтарына сәйкес келуі тиіс.
2019 жылдың 14 наурызынан 21 наурызына дейін қалада «Наурыз мейрамы-2019» мерекесін тойлаудың Апталығы бастау алып, әр күн белгілі бір тақырыпқа сай аталып тойланып жатыр.
2019 жылдың 15 наурызында білім беру бөлімі мен мекемесі Ертіс өзенінің жағалауында «Алас күні» қалалық мерекесін атап өтті.Мерекеде №16,№42 орта мектептер, Балалар мен жастар шығармашылық сарайы, музыка мектебінің оқушылары қала тұрғындарына, педагогтерге, мектеп оқушыларына арнап мерекелік концерт қойды, сонымен қатар балалар арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды, 250 литр наурыз көже мен бауырсақ таратылды.
Достық үйінің жоғары буын өкілдері мектепке дейінгі ұйымдарды ақ сақалды Қыдыр ата бейнесінде аралап, өскелең ұрпаққа ақ баталарын беріп, бақыт, жақсылық тіледі.
Наурыз мереке әлі де жалғасып келеді.