05
October
2022
Ұстаздар мерекесімен 11 сыныптардың құттықтауы
Бүгін мектебіміздің 11 сынып оқушылары ұстаздар мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті. 11 сынып оқушылары барша ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін арнады. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп халық даналығында айтылғандай, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған ұстаздардың еңбегі орасан зор. Ұлт ұстазы, қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса мектебі де сондай болмақ» деп айтқан. Арада ғасыр өтсе де, Алаш арысының осы сөзі бүгінгі күн тәртібінен түскен жоқ.
