17
May
2022
Жидебай бағытындағы киелі жерлерге саяхат
"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында N16 Т.Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушылары Жидебай бағытындағы киелі жерлерге саяхатқа барып келді. М.Әуезовтың туған жерінен басталған саяхат, Еңлік-Кебек басына тоқтап, Абай-Шәкәрім мемориалды кешенін, ақынның тұрған үйін тамашалаумен жалғасты. Ұлылар өмір сүрген даламен жүріп өтіп, олардың өмірі туралы тағылымы мол ақпарат алған әр оқушы ерекше сезіммен оралғанын айтып жатты. Рухани сезімге толы саяхат бала жадында ұзақ сақталатынын риза көңілдерінен көруге болады.
