15
April
2022
Балалар жылы – 2022: Білімді ұрпақ – ел болашағы
The president Қасым-ЖоMarch Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін айта келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.
Семей қаласының білім беру ұйымдарында Балалар жылының салтанатты бастауы бойынша 15 сәуір бірыңғай күн деп жарияланды. Танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінің, спортшылардың, қалалық мәслихат депутаттарының,табысты түлектер,үкіметтік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар Балалар жылының салтанатты бастауы болуға тиіс. Осыған орай №16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ Балалар жылының салтанатты бастауы бойынша бірыңғай күн өткізілді. Мақсаты: балалар арасында Қазақстан үшін маңызды құндылықтарды танымал ету. Іс-шара 4 бағыт бойынша іске асты. «Еңбегімен ел таныр» тақырыбында 9-11 сыныптардың белсенді оқушыларымен мектеп кітапханасында тренинг өткізілді. Модератор: Г.Ж.Торсықбаева. «Жетістікке жету өз қолыңда», «Еңбек еткен мұратқа жетер» деген тақырыпта 9» А», «Ә» «Б» сыныптары халық ықыласына бөленіп жүрген мектеп түлегі Асқат Бәкірұлымен, Филология ғылым¬дарының магистрі Семей¬дегі Абай атындағы мемле¬кетт¬ік қазақ музыкалы драма театрының әдебиет бөлім меңгерушісі, жазушы Мерей Қартпен, Шығыс балуаны Шалқар Жоламановпен, А.Бөкейқанов атындағы университетінің кәсіпке бағдар бөлімінің басшысы, PhD докторантsы Акабаева Мадина Отановнамен кездесті.
11 «Ә» 8 «А», 8 «Б" 8 «Ә», 8 «Г», 5 «Б» сыныбы «Еңбек –бақыт бастауы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізсе, 10 «Ә» сыныбы «Бұл палата ата-аналарының мүддесін өз мүддесінен жоғары қоюы керек деп есептейді» тақырыбында дебат ұйымдастырды. Аталған іс-шараның соңы мектеп түлектерінің мектеп ауласына ағаш отырғызуымен жалғасты.
