18
March
2022
«МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫ» БАЙҚАУЫ

Семей қаласының білім бөлімі 2022 жылғы 18 наурызда «Мектеп кітапханасының үздік жобасы» байқауының қорытындысын шығарды. Байқауды өткізудің өзектілігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда мектеп кітапханасы қызметінің мазмұнын жетілдіру, кітапхана ісіне инновациялық технологияларды енгізудің үздік идеялары мен оң мысалдарын жинау қажеттілігіне негізделген.
Қатысушылардың жұмыстарын сараптамалық комиссия мүшелері бағалай келе, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
Бас жүлде: №3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені кітапханасының меңгерушісі: Байелова Мира Суртаевна;
І-орын: №9 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының меңгерушісі: Артемова Светлана Василевна;
ІІ - орын: Төлеубай Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының меңгерушісі: Пизулиқызы Айгүл;
№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі кітапханасының меңгерушісі және қазақ тілі мұғалімі: Жукенова Куралай Жумабековна мен Бекбосынова Арайлым Мухаметкалиевна;
ІІІ – орын: Қаныш Сәтбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының меңгерушісі: Коваленко Марина Александровна;
№ 32 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының меңгерушісі: Сатыбалдинова Алмагул Турабековна;
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының кітапханашысы: Қасымханова Нұрай Жайыққызы.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!